Құқық қорғау органдары

Артиллериялық снаряд табылды

Қауіпті және сирек кездесетін жәдігер. Мамырдың 20-сы күні Қызылжар ауданына қарасты Большая Малышка селосының маңынан зеңбірек оғына ұқсайтын зат табылды. Оны сол маңда мал бағып жүрген тұрғын байқап қалып, полицейлерге хабарласқан. Оқиға орнына жеткен құқық қорғаушылар / жарылғыш дүниенің шамамен Азамат соғысы жылдарындағы 30 миллиметрлік снаряд екендігін анықтайды.

Ал мамырдың 21-і күні артиллериялық снаряд арнайы контейнерде Петропавлға жеткізіліп, Әскери институттың жаттығу алаңында жойылды.

Байболат Култанов