Балалар

Қала жастары қайырымдылық концертін өткізді

Петропавлда жағдайы төмен отбасыларға көмек қолын созу мақсатында қайырымдылық концерті өткізілді. Шарада қала жастары түрлі жанрда ән шырқап, жұртшылыққа өз өнерлерін паш етті.

2 сағатқа созылған концертте қала жастары өздерінің авторлық әндерімен қоса шетелдік туындыларды да орындады. Олардың барлығы тек жанды дауыста айтылды.

Концертте жиналған қаражаттың барлығы жағдайы төмен отбасыларға табысталмақ. Ұйымдастырушылардың сөзінше, олар осындай қайырымдылық шарасын жыл басынан бері екінші рет өткізіп жатыр.

Нариман Жолдасбек – қайырымдылық концертін ұйымдастырушы:

– Жастар жағынан мұндай концерттер өте сирек өткізіледі. Концерт біткеннен кейін барлық бюджетті жинап, қайырылымдылық қорға немесе ақша жағынан мұқтаж отбасыларға қол ұшын тигіземіз. Ол – бүгінгі өтізіліп жатқан концерттің басты мақсаты.

Айтка кеткен жөн, қайырылымдылық концерті осымен аяқталмайды. Жыл соңында жергілікті өнерлі жастардың ұйымдастыруымен тағы бір ауқымды шара өткізіледі деп жоспарланып отыр.

–  Мүмкіндігі шектеулі балалар, азаматтарға аз да болсын көмек көрсетейік деген жанашырлық, патриоттық сезіммен балалар өз өнерін көрсете білді.

– Концерт өте жоғары деңгейде өтті. Өңіріміздің өрендері өз өнерлерін паш етті.

Маржан Касымбек