Қоғам

Минералды тыңайтқыштарды субсидиялау

Биыл минералды тыңайтқыштарды субсидиялауға мемлекеттік бағдарлама аясында бюджеттен 5,5 млн теңге бөлінді. Солтүстік Қазақстан облысында бұл шаруаға «BayDala» серіктестігі жауапты.

Аймақта компанияның екі бірдей филиалы бар. Бірі – Петропавл қаласында, екіншісі – Ғ.Мүсірепов ауданының орталығы Новоишимка селосында. Аграрийлер мұннан қажетті минералды тыңайтқыштардың түрі-түрін таба алады.

Сейіт Нәбиев, «BayDala» ЖШС сату бөлімінің басшысы:

– Біз ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өнімділікті арттырып, сапасын жақсартуға арналған тиімді қызмет түрін ұсынамыз. Агроном алқаптың басына барып, минералды тыңайтқыштарды себу процесіне қатысады. Оны қадағалап, дұрыс жүруін бақылайды. Сондай-ақ, топыраққа агрохимиялық сараптама жүргіземіз. Осылайша, қажетті элементтерді анықтап, жердің құнарлылығын арттыруға бағытталған жоспар құрып береміз.