Қылмыс

Героин саудаламақ болған келіншек ұсталды

Аса ірі көлемдегі есірткімен ұсталды. Петропавлда 28 грамм героин сатпақшы болған келіншек жалдамалы пәтерде құрықталды. Ұсталған азаматша сот санкциясымен екі айға қамауға алынып, қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

– Обнаружен полимерный пакет, прозрачный, обвязанный узлом. Внутри находится вещество порошкообразное, светлого цвета.

Анықталған заттың салмағы – 28 грамм. Бұл ірі көлемдегі есірткі болып саналады. Нашаны саудаламақ болған 43 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Азаматша бұрын да осындай қылмысы үшін сотталған екен.

Галина Жолымбетова – СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі:

– Қазір аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 297-бабының 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл қылмыстың беті криминалдық полиция басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп жасалған шараның арқасында ашылып отыр.

Жалпы, жыл басынан бері тәртіп сақшылары есірткі саудалаудың 18 фактісін анықтап, заңсыз айналымнан 73 келіден астам улы затты тәркілеген. Соның 72 грамы – героин.

Магжан Ахмадина