Спорт

“Qyzyljar” FC “Қыранды” 2:1 есебімен женді

Футболдан бірінші лига командалар арасында кезекті ойын кеше “Қарасай” стадионында өтті. Бұл жолы жергілікті құрама шымкенттік “Қыранды” қабылдады.

Матч 2-де 1 есебімен аяқталды. Теріскейліктер көптен күткен жеңіске жетіп, маңызды 3 ұпайды еншіледі. Кездесуде гол соққан жігіттерге тоқтала кетейік. Жерлестеріміз сапынан алдымен Максим Драченко, кейін Шота Григалашвили көзге түсті. Ал қонақтар тарапынан Бекжан Әбдірахман есеп айырмасын қысқартты. Осы ойыннан соң “Қызылжар” футбол клубы 7-ші орынға жайғасты. Қоржында 10 ұпай бар. Енді, солтүстікқазақстандықтар келесі матчты сырт алаңда павлодарлық “Екібастұзқа” қарсы өткізеді. Кездесу мамырдың 26-сына жоспарланып отыр.