Балалар

18 мамыр – Халықаралық музей күні

18 мамыр – Халықаралық музей күні. Осыған орай “Абылай хан резиденциясы” мұражай-кешенінде «Тарих» атты квест ойыны өткізілді. Шара мүмкіндігі шектеулі балаларға арналып ұйымдастырылды.

Көңілді әуен, түрлі-түсті шарлар мен баннерлер. Абылай хан резиденциясы қонақтарын осылай қарсы алуда. Мұндай қонақжайлылық балғындардың көңілінен шықты. Сондықтан, олар ұйымастырылған концерттік бағдарламаны тамашалап қана қоймай, өздерінің де өнерлерін көрсетті.

Балалар көңіл көтеріп қана қоймай, ел тарихын тануға да мүмкіндік алды. Олар қазақ халқының 18-ғасырдағы өмір салтын еске түсіріп, тіпті сол заманның киімдерін киіп көрді.

Әсемгүл Қыдбекова, “Абылай ханның резиденциясы” мұражай кешені директорының орынбасары:

– Бүгінгі күні Абылай хан мұражайында Халықаралық музей күніне орай квест ойындары ұйымдастырылып отыр. Бүгінгі күн ерекше өтейін деп отыр. Бұл квест ойыны мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арналып отыр. Өйткені, біздің мұражайда жылда өткізілетін квест ойындарын біз биылғы жылы ерекше көзқараспен қарастырып отырмыз.

Тиын ату, Наурыз көже дайындау және киіз үйдегі заттарды орналастыру. Осындай қызықты әрі танымдық квест тапсырмаларын балалар ерекше қызығушылықпен орындады.

Сымбат Душанбе:

– Бәрі жақсы өтіп жатыр. Біз қымыз жасадық, тиын лақтырдық, шаңырақ жасадық. Маған қымыз жасау қызық болды.

Ұйымдастырылған шараға 50-ден астам бала қатысты. Жеңімпаздар медаль және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Эльмира Садвокасова