МТРА жаңалықтары

Сайлау-2019

9-маусым күні елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Осы орайда саяси науқанды қолдау мақсатында “Ауыл” халықтық-демократиялық патриоттық партиясының облыстық филиалы акция ұйымдастырды.

Жиын қалалық мәдениет үйінде өтті. Ұйым өкілдері солтүстікқазақтандықтарды сайлаудан тыс қалмай, лайықты деп санаған үміткерлеріне дауыс беруге шақырды.

Иван Кендюх – «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының СҚОФ төрағасы:

 – Бұл – тарихи сәт. Елдегі барлық партиялардың мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру. Халықтың 46%-ы ауылда тұрады. Ол жерлерде көптеген проблемалар бар. Соларды шешуге барлығымыз бірге атсалысуымыз қажет.

Ешкенова Дана