Құқық қорғау органдары

Балаларды тасымалдаған автобус жанып кетті

Шағын автобусқа мінген 11 бала өртеніп кете жаздады. Оқиға кеше болды.

Петропавлдан Тайыншаға бет алған көліктің Рощинское селосы маңында мотор орналасқан бөлігі жана бастаған. Автобус Тайынша аудандық білім бөліміне тиесілі. Соңдарынан ілесіп жүрген полиция қызметкерлері балаларды сыртқа шығарып үлгеріпті. 37 шақырым жерден өрт сөндірушілер келіп жеткенше көлік 40 минуттың ішінде түгелімен жанып кеткен. От электр сымының қысқа тұйықталуынан пайда болса керек. Айта кету қажет, бұл – өңірде осы аптада қоғамдық көліктің жанып кетуіне қатысты тіркеліп отырған 4-ші оқиға.

 

Актолкын Солтанханкызы