Құқық қорғау органдары

Заңсыз аңшылық жасап жүргендер ұсталды

Мамырдың 3-і күні өңірде Қостанай облысының бес бірдей азаматы заңсыз аңшылық үстінде ұсталды.
Оқиға Ғабит Мүсірепов ауданында орын алған. Қорықшы мылтық дыбыстарын естігенін айтып, полиция қызметкерлеріне хабар берген. Тәртіп сақшылары оқиға орнына бірден жетеді. Нәтижесінде Биесойған көлінің жағасында полиция қызметкерлері «Nissan Patrol» автокөлігін, ал судан атылған 8 қаз бен 2 сұңқылдақ аққуды алып шықан. Сондай-ақ, оқиға орнынан ағаш қайық пен 12 калибрлі екі қару табылыпты.

Нұрбек Баекин, СҚО ПД баспасөз қызметінің бас маманы:

– Браконьерлер көлден 8 қаз бен Қызыл кітапқа енген 2 аққуды атып алған. Қазіргі уақытта аталған факті ҚР ҚК 337-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің тізіміне енгізілді. Мемлекетке келтірілген шығын 3 млн теңгеден асты.

Дана Қалиева