Құқық қорғау органдары

Тайыншада жанар-жағармай құю бекеті тоналды

Жексенбі күні Тайынша қаласында жанар-жағармай құю бекеттерінің біріне қарақшылық шабуыл жасалды.
Бетперде киген екеу кассадан 10 мың теңгені жымқырып кеткен. Жедел-іздестіру шаралары барысында 24 және 25 жастағы жігіттер ұсталды. Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы – «Қарақшылық шабуыл» бойынша іс қозғалып, қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сән Жұмағазина – СҚО ПД бас маманы :

– СҚО ПД Криминалдық полициясының және Тайынша ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері бірлесе екі күдіктіні ұстады және күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істі тергеу шеңберінде қылмыстың мән-жайы анықталатын болады.

 

Ешкенова Дана