Балалар

Оқушылар семсерлесудің қыр-сырын меңгеруде

Ортағасырлық батырлардың дулығаларын киіп, қалқандарын байқап көрді. Тарихи семсерлесудің қыр-сырын меңгеру мүмкіндігіне 21 орта мектептің оқушылары ие болды. Спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау шаралары аясында өткен жиынға 60-қа жуық бала қатысты. Ежелгі «рыцарьларша» қару-жарақ асынып, темір сауыт кию, әсіресе, бозбалалардың қызығушылығын тудырды.

Владимир Торопов – тарихи ортағасырлық және заманауи семсерлесу бойынша жаттықтырушы:

– Бұл шараны біздер «Жастар салауатты өмір салты үшін» қоғамдық ұйымымен бірге ұйымдастырдық. Былтыр да осындай жұмыстар жүргізілген болатын. Биыл соларды жалғастыруды жөн санадық. Оқушыларға семсерлесудің әдіс-тәсілдерін үйретеміз, тағы олар ортағасырлық батырлардың киімдерін киіп көріп, суретке түсе алады. Олар үшін мұның барлығы қызықты. Алдағы уақытта мұндай шаралар тағы 4-ші орта мектепте және жазғы демалыс лагерьлерінде өткізілмек.

Магжан Ахмадина