Халық тарих толқынында

Музей алдында соғыс жылдарынан сыр шертетін көрме өтті

Ұлы Жеңіске жеткізген майдангерлер мен жарақаттанғандарды өлім аузынан құтқарған мейірбикелердің есімі, ұрыс даласында қолданған қару-жарақтар. Облыстық тарихи-өлкетану музейінің алдында ерекше көрме өтті.

Мұндағы әрбір фото мен жәдігердің тарихы Ұлы Отан соғысымен байланысты. Келгендер жараны таңуды үйрену мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ, қала тұрғындарының назарына ұрыс даласынан жолданған хаттар да көрсетілді. Ал балалар парақтарды дәл майдангерлер сияқты үшбұрыш қылып бүктеуді үйренді. Бұл мәдени ошақ қызметкерлерінің әзірлеген шараларының тек бір парасы ғана.

Ирина Горбацевич – облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері:

– Біз Жеңіс күніне орай «Естелік қабырғасы» атты акция ұйымдастырудамыз. Шара жыл бойына жалғасатын болады. Әр адам майданға қатысқан өз батырлары туралы ақпарат әкеліп, фотоларын табыстайды. Осылайша, жергілікті жауынгерлер туралы молырақ мағлұмат жинаймыз. Кейін бұның барлығы тарих туралы лекцияларда, көрмелерде қолданылатын болады.

 

Эльмира Садвокасова