Құқық қорғау органдары

Облыстық Полиция департаментіне жаңа басшы келді

Облыстық Полиция департаментіне жаңа басшы келді.

Өңірдің бас тәртіп сақшысы лауазымына полиция полковнигі Марат Төлебаев тағайындалды. Бұған дейін ол елордалық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болып қызмет істеген. Жаңа басшыны ведомство ұжымына Ішкі істер вице-министрі Алексей Калайчиди және облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов таныстырды. Марат Төлебаев 1992 жылы Алматы арнайы орта милиция мектебін тәмамдаған. Ол – Қостанай облысы мен елордада бірқатар маңызды лауазымдарда еңбек еткен тәжірибелі полицей. Вице-министр Алексей Калайчиди жаңа департамент бастығының өз қызметін адал орындайтынына сенім білдіріп, теріскейдегі құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғырту қажеттігін алға тартты.

Алексей Калайчиди – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары:

– Марат Сағынтайұлы қызметке тез арада кірісіп кетеді деген ойдамын. Ол жұмысы бір жүйеге қойылған орынға келді. Марат Сағынтайұлы, сізге және СҚО ПД ұжымына еңбекте табыс тілеймін.

Саят Ермек