Халық тарих толқынында

Ардагерлерге құрмет көрсетілді

Ардагерлерге құрмет – кейінгі ұрпаққа міндет. Осындай ұранды жандарына жалау еткен белсенді солтүстікқазақстандықтар бүгін Петропавлда ерекше іс-шара өткізді.

“Батырларға тағзым” атты акция әдеттегі концерт залы немесе көшеде емес Алтын арман базарында өтті. Онда облыстық және қалалық ардагерлер кеңестерінің мүшелері, этномәдени бірлестік өкілдері мен жастар Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әндерді шырқыды. Осылайша 2 майдангер мен 2 бірдей тыл еңбеккерін Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады. Ұйымдастырушылар сый-сияпатсыз емес. Олар бейбіт күнді жақындатқан жандарға гүл шоқтарын да табыс етті. Мұндай акциямен жерлестеріміз қарттардың ғана емес, қарапайым тұрғындарды бір марқайтып тастады.

Роксана Орынбасарова – СҚО бойынша “Жаңғыру жолы” жастар қозғалысының төрайымы:

– Ардагерлер сыйлаған жеңістің маңызы зор. Біз майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің арқасында бейбіт күнде өмір сүріп жатырмыз десем қателеспеймін. Сондықтан да әрқайсысымыз оларға қарыздармыз. Акция базарда өтіп жатыр. Бұл жердің басшылығы осындай шара ұйымдастыруға бірден келісті. Сол себепті, осында келдік.

Байболат Бектемірұлы