ТЖ

Көпқабатты үйден өрт шықты

Сенбі күні Петропавлда төтенше жағдай орын алды. Таңғы 9-дар шамасында көпқабатты үйлердің бірінде өрт шығып, қызыл жалын 4-ші қабаттағы пәтерлердің бірін шарпыған.

Интернационал көшесі бойындағы 57-үйге дереу жеткен өрт сөндірушілер отты 30 минуттың ішінде ауыздықтайды. Тілсіз жаумен күреске 16 маман мен 6 техника тартылыпты. Баспанадан 25 адам эвакуацияланған. 3 баланың 2-уін өрт сөндірушілер арнайы сатының көмегімен алып шыққан. Мамандардың айтуынша, жалынның бас көтеруіне балғындардың отпен ойнауы себеп болған көрінеді.

Магжан Ахмадина