100-ден астам полиция қызметкері марапатқа ие болды

Құқық қорғау органдары

14:46 7 Мамыр 2019

Облыстық полиция департаментінде Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс мерекесіне орай салтанатты шара ұйымдастырылып, концерттік бағдарлама өткізілді. Жиын барысында 100-ден астам тәртіп сақшысы марапатқа ие болды.

Ең алдымен ішкі істер органдарының қызметкерлері ҰОС ардагерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Айта кетейік, зұлмат жылдардан кейін 700-ден астам майдангер милицияда еңбек еткен екен. Бүгіндері солардың 5-уінің ғана көзі тірі. Тағы 13 тыл еңбеккері және 4 ҰОС ардагерінің жесірі бар. Кейін салтанатты шара басталып, антына адал еңбек еткен 100-ден астам полиция қызметкері мен ардагер марапатқа ие болды. Оларға медаль, грамота мен алғыс хаттар табыс етілді. Ал 17 тәртіп сақшысы мерзімінен бұрын кезекті шендерін алды. Солардың бірі – облыстық ПД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы Жандос Басыбаев.

Жандос Басыбаев – СҚО ПД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы:

 – Ішкі істер органдарына келгеніме 21 жыл толды. Әкемнің жолын қуып осы саланы таңдадым. Оған еш өкінбеймін. Бүгін, міне полковник шенін алып отырмын. Өте қуаныштымын. Бұл күллі басқарманың жақсы жұмыс істеуінің арқасы деп ойлаймын.

 

Магжан Ахмадина

 

Бұдан әрі оқыңыз

Теріскейде анасы мен қызы жол апатынан қаза тапты
Петропавлда 5 бірдей көлік қақтығысып қалды
«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде
Биыл өңірде 80-нен астам мал ұрлау фактісі тіркелген
Петропавлдық Мадияр Өсербаевқа іздеу салынады
Ана мен баланы өлтірді деген күдіктіге қатысты сот отырысы өтті
Полицейлер сап түзеді
Петропавлда супермаркеттегі сақтау камерасынан сөмке ұрланды
Кәсіпкерлер ақпараттандырылды
Жамбыл ауданындағы қырмандардың бірінен 2 тонна арпа ұрланды
14 жастағы оқушы жардан құлап кетті
Оңай жолмен табыс табамын дегендер ұсталды