Спорт

“Барс” баскетбол командасының жетістігі

Теріскейлік баскетболшылар Жоғары лига командалары арасында өткен 27-ші ел чемпионатында 3-ші орынға табан тіреді. 6 кезеңнен тұрған біріншіліктің алғашқы туры Ақтөбе қаласында ұйымдастырылған, келесі ойын Павлодарда болса, қалған тартыс Щучинск қаласында өткізіліпті. Финалдық кезеңде 6 құрама кездескен. Бұл турнирдің қорытындысы бойынша ақтөбелік құрама үздік атанса, күмісті шымкенттік «Қазығұрт» иеленді. Қола медальды теріскейлік «Барс» еншіледі.

Артем Козыркин, “Барс” БК ойыншысы:

– Чемпионат барысында барлық командалармен кездесу өткіздік. Бұл турнирде жеңіс те, жеңіліс те болды. Құрамалардың дайындығы жақсы. 3-ші орынға таласта павлодарлық «Ертіс»-пен тартыстық. 1-ші ойында басымдық танытқанымызбен, келесісінде ұтылып қалдық. Шешуші турда жеңіске жету үшін барымызды салып, нәтижесінде қола жүлдеге қол жеткіздік.

Актолкын Солтанханкызы