Қоғам

Қаламызда тазалық жұмыстары жалғасуда

Бүгін облыс орталығында осымен төртінші рет сенбілік өткізілді. Тазалық шарасына мемлекетік қызметкерлер, кәсіпкерлер мен қала тұрғындары атсалысты. Олар 2 мыңнан астам тонна қоқыс жинаған. Сондай-ақ, шаһардың бірқатар көшелерінде ағаштар отырғызылып, аялдамалар жуылды.

Қалалық саябақтағы мына бір аумақты ветеринария бөлімінің мамандары жинастыруда. Қажетті құрал-жабдықтармен қаруланған олар демалыс орнындағы қоқысты шығарып жатыр. Жалпы мемлекеттік қызметшілер үнемі сенбіліктерден қалмай шаһарды абаттандыру шараларына белсене қатысады екен.

Бекен Қайроллаұлы – Петропавл қаласы ветеринария бөлімінің бас маманы:

– Сенбіліктерге ылғи қатысып тұрамыз. Осылайша, қаламызың көркейуіне өз үлесімізді қосып жатырмыз. Шаһарамыздың таза болғаны барлығымыз үшін жақсы емес пе?

Қаланың шеткері аудандарында да шаруа қызған. Айталық, Жәлел Қизатов көшесі бойында мамандар 200 метрлік бұталы қоршауды отырғызып жатыр. Олар Кондратов питомнигінде өсірілген екен. Алдағы уақытта Ғ.Мүсірепов көшесі де жасыл желекпен көмкерілмек. Мұнда 100-ден астам көшет егу жоспарлануда.

Әсем Айтулова – Петропавл қаласы ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы:

– Жалпы мұндай сенбіліктер қаланың санитарлық тазалаудың 3 айлығы барысында өткізілуде. 3 Айдың ішінде 20 мыңнан астам тонна қоқыс шығарылады деп жоспарлануда. 3 мыңнан астам ағаш отырғызылып, сондай-ақ 6 жарым мың метр бұталық қоршау егіледі деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар кір,лас боп тұрған шаһардағы аялмадалар да қалыпқа келтірілуде. “Жаса жарнама” кәсіпорынының қызметкерлері оларды жуып жүр. Жалпы, бүгінгі сенбілікте қала бойынша 2 жарым мың тоннадан астам қоқыс шығарылған.

Актолкын Солтанханкызы