МТРА жаңалықтары

Жасөспірімдердің санасын улайтын топтар бұғатталды

Өңір прокурорлары әлеуметтік желілерді жиі бақылап отырады. Мұндай жұмыстың нәтижесінде мамандар жыл басынан бері порнографиялық және нәпсіқұмарлық-эротикалық бейнелерден тұратын 22 топты анықтапты.

Тағы, жасөспірімдерге суидцидті тікелей насихаттайтын 27 бірдей көпшілік қарауындағы парақша әшкереленген. Оларға 20 мыңнан аса ұл-қыздың тіркелгендігі белгілі болып отыр. Қадағалаушы орган өкілдері бірден іске кірісіп, өскелең ұрпақтың ой-санасын улайтын топтардың біразын ҚР аумағында бұғаттап тастапты.

Асхат Амитов – облыс прокурорының көмекшісі:

– Облыс прокуратурасының хабарламасын қарау нәтижесі бойынша ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен әлеуметтік желілердегі 40 топ бұғатталды. Қазіргі уақытта қалған топтарға қолжетімділікті шектеу бойынша жұмыс жалғастырылуда.

Эльмира Садвокасова