Халық тарих толқынында

Петропавлда «Жеңімпаздар» атты суреттер көрмесі өтті

Жеңімпаздар. С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада осындай атаумен / Александр Коротковтың кезекті суреттер көрмесі өтті.

Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай ұйымдастырылған шараға аға буын өкілдері және жастар келді. Жалпы, мұнда КСРО және ҚР Журналистер одақтарының мүшесі Александр Львовичтің 50 жұмысы жайғастырылған. БАҚ-да еңбек еткен ол 45 жыл бойы түрлі суреттерді жинап, арнайы қорда сақтапты. Соның ішінде соғыс ардагерлеріне арналғандарының орны ерекше дейді фототілші.

Александр Коротков – КСРО және ҚР Журналистер одақтарының мүшесі:

– Ардагерлер жыл сайын 9 мамыр күні «Мәңгілік алау» маңына жиналады. Сол жерде бір-бірімен қауышып, өткен күндерді еске алады. Кейбірінің көзіне жас келеді. Сол кадрлардың барлығын фотоаппаратыма түсіріп алуға тырыстым. Кейін жиналған қауым қалалық саябаққа барып, ол жердегі ескерткішке де гүл шоқтарын қоятын. Өкінішке қарай, қазір суреттерде бейнеленген адамдардың біразы жоқ. Бірақ, олар жайлы қаншама естелік қалды.

Магжан Ахмадина