Су тасқыны

Петропавлға су тасқынының екінші толқыны келді

Петропавлға су тасқынының екінші толқыны келіп жетті. Бүгінде Есіл өзенінің деңгейі 1018 см құрап отыр. Соңғы тәулікте ол 4 см көтерілген. Судың жайылуынан халықаралық маңыздағы Челябі-Новосібір трассасы әлі жабық.

Қызылжар ауданына қарасты Новоникольское селосы маңында су деңгейі соңғы 24 сағат ішінде 11 см-ге жоғарылапты. Покровкада гидрологтар тіршілік көзінің – 12, ал Сергеев су қоймасында 8 см төмендегенін байқаған. Соңғы аталған жерде тіршілік көзінің деңгейі 886 см құрап отыр. Су ернеуінен 86 см асқан.

 

 

Саят Ермек