Мәдениет

Қаламызда “Тоқтамай биле” атты фестиваль өтті

Сәуірдің 29-ы – Халықаралық би күні! Осыған орай жастар сарайында «Тоқтамай биле» атты фестиваль өтті. Шараға облыс аудандары мен қаламыздан 20-ға тарта ұжым қатысты. Олар түрлі бағыттағы билерді орындап, кештің көркін келтірді.

Фестивалдің ашылуы “Тоқтамай биле” атты әуенмен басталды. 10 шақты хореографилық би тобы бірінен соң бірі билеп, көздің жауын алды. Бүгінгі кеш қонақтардың есінен кетпесі айдан анық. Бұл күні атақты француздық балетмейстер, тарихта «Балет өнерінің атасы» атанған Жан Жорж Новер туылған. Аталмыш мерекені 1982 жылы ЮНЕСКО бекітткен екен.

Диляра Сабырова, “Тоқтамай биле” би фестивалінің ұйымдастырушысы:

– «117» атты шығармашылық студиямыз осындай фестивальдің бастамашысы болды. Біз бірінші рет «Тоқтамай биле» фестивалін өткізу туралы шешім қабылдадық. Дәстүрлі, көшелік және одан басқа әр түрлі би стильдерін көрсеткіміз келеді.

Бұлар – фестивальдің ең жас қатысушыларының бірі. Олар С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры қабырғасында 2010 жылы құрылған «Алуа» халық би ансамбліне мүшелік етеді. Топтың көркемдік жетекшісі – Жанна Темербаева.

Жанна Темербаева, “Алуа” халық би ансамблінің көркемдік жетекшісі:

– Біз Солтүстік Қазақстан облысы атынан Сочи, Санкт-Петербург, Мәскеу қалаларында өнер көрсеттік. Қазіргі таңда Абхазияға 2 топты дайындаудамыз. Келушілер жасы 5-тен басталады. Мектебімізде еңбекқорлыққа үйретеміз. Себебі, бұл тек биде ғана емес, өмірде өздері үшін қажет болады.

Кейін сахнаға «Экспромт» халық би театрының қатысушылары көтерілді. Олар заманауи хореография, сабырлы және нәзік биімен кеш қонақтарын терең ойға салды. Карина Хусаинова «Экспромт» құрамына келген кезін есіне түсірді. Оның ойынша би театры өз ойы мен мінезін қалыптастырып, алдына белгілі бір мақсат қоюына себепкер болған.

Карина Хусаинова, “Экспромт” халық би театрының бишісі:

– Би үйірмесіне алғаш рет мені атам ертіп әкелді. Бірінші күні қатты қобалжыдым, бірақ жетекшіміз өте жарқын әрі ақкөңіл адам болды. Қобалжу мен үрейден бірден арылдым. Мектепте қойылымдар қоям. Би – ол сезімді көрсетудің бір құралы іспеттес, сөзбен жеткізе алмағанды қимыл арқылы сомдаймын.

Жалпы, «Тоқтамай биле» фестивалінде 20-ға жуық би ұжымы өнер көрсетті.