Құқық қорғау органдары

Петропавлда 30 жастағы ер адам суға батып кетті

Сенбі күні, яғни сәуірдің 27-сі облыс орталығында қайғылы оқиға орын алды. Петропавл 2-ші жылу электр орталығының техникалық су көзіне шомылмақ болған ер адам суға кеткен. Куәгерлердің сөзінше, оны ауа райының қолайсыздығы да, жылы каналда шомылуға болмайды деген белгі де тоқтатпаған.

Виктор Держанский – СҚО ТЖД жедел-құтқару жасағы бастығының орынбасары:

– Ер адамның денесін біз 3 күн бойы іздестірдік. Сөйтіп, тек бүгін сағат екілер шамасында ғана таптық. Техникалық су көзі болғандықтан ол жерде суға түсуге болмайды. Өйткені, оның ішінде құрылыс материалдарының қалдықтары болуы мүмкін. Тағы ол жердің ағыны қатты.

Эльмира Садвокасова