ТЖ

Тұтас бір отбасы өрттен құтқарылды

Тұтас бір отбасы өрттен құтқарылды. Ерлі-зайыптылар мен олардың 6 жастағы баласы үшеуі от ортасында қалып қойған. Бұл оқиға сәрсенбі күні кешке Бөкетов көшесіндегі №18 үйде болған.

От шыққаны туралы хабар түнгі сағат 11 кезінде түсісімен, өрт сөндірушілер оқиға орнына 3 минуттан кейін жеткен. Электр сымының қысқа тұйықталуынан 3-ші мен 4-ші қабаттардағы электр тұстамасы тұтаныпты. 5-ші қабатта тұратын отбасы мүшелерін құтқарушылар сыртқа / газ бен түтіннен қорғайтын арнайы киімнің көмегімен алып шыққан. Сөйтіп, мамандар 20 адамды эвакуациялаған. Өрт шалған аумақ 3,5 шаршы метрді құрайды.

Данаш Хамзина