Су тасқынына байланысты жағдай

Су тасқыны

10:49 26 Сәуір 2019

Сергеев су қоймасындағы тіршілік көзінің деңгейі тәулік ішінде 3 см төмендеген. Ернеуінен асқан судың биіктігі 127 см құрап отыр.

Новоникольское селосы маңында тіршілік көзінің деңгейі 2 см кеміпті. Ал Покровкаға тасқынның екінші толқыны келген. Ондағы су бір күнде 34 см көтеріліпті. Петропавлда да тасқынның екінші толқыны күтілуде. Қазір Есіл өзеніндегі судың деңгейі 1004 см құрап отыр.

Данаш Хамзина