Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңірге ҚР ИИДМ Жауапты хатшысы Мереке Пішембаев келді

Бүгін өңірге жұмыс сапарымен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Жауапты хатшысы Мереке Пішембаев келді.

Жауапты хатшы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жергілікті департаменті және аймақ басшысының бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетовпен бірлесіп кеңес өткізді. Жиынға Министрліктің аумақтық бөлімшелері мен оған ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары қатысты. Отырыста кадрлық қамтамасыз ету, бармақ басты, көз қыстылықпен тиімді күресу және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мәселелері талқыланды.

Саят Ермек