Су тасқыны

Су деңгейі көтерілуде

Су тасқыны жайлы мәліметке кезек берейік. Соңғы тәулік ішінде Сергеев су қоймасындағы тіршілік көзінің деңгейі 3 см артты. Осылайша ернеуінен асқан судың биіктігі 132 см жетіп отыр.

Покровка селосының маңында да су деңгейі таңертеңгі көрсеткішпен салыстырғанда 5 см артты. Ал Қызылжар ауданына қарасты Новоникольское елді мекенінің маңында керісінше, көрсеткіш 1 см төмендеген. Тасқынның екінші толқыны Петропавлға әлі жеткен жоқ. Мамандардың сөзінше ол жердегі су көлемі еш өзгермепті. Осы орайда айта кетейік, Челябі-Новосібір бағытындағы трасса да су астында. Қазір бұл жолмен жүруге уақытша тыйым салынып отыр.

Данаш Хамзина