Спорт

Солтүстікқазақстандық палуан Азия чемпионы атанды

Спортсүйер қауымға жағымды жаңалық. Солтүстікқазақстандық палуан Нұрқожа Қайпанов Қытайтың Сиянь қаласында өтіп жатқан Азия біріншілігінде чемпион атанды.

70 келі салмақ дәрежесінде белдескен жерлесіміз ақтық сында жапониялық Коджира Шиганы 9:0 есебімен ойсырата ұтты. Осылайша алтыннан алқа тағынды. Бұл медалдың өңір тарихында орны бөлек. Себебі, бұған дейін бірде-бір теріскейлік еркін күрес шебері Азия чемпионы атанбаған болатын. Ел мерейін асырған ұланды, оның бапкерін және солтүстікқазақстандықтарды маңызды жеңіспен облыс әкімі Құмар Ақсақалов өзінің фейсбук парақшасында құттықтады.

Байболат Бектемірұлы