Білім

Пәнаралық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті

Петропавлда 7-8 сынып оқушылары арасында пәнаралық облыстық олимпиада өтті. Жаратылыстану-математикалық бағытындағы кезеңге қала және аудан мектептерінің шәкірттері қатысты.

Математика, физика, химия, биология және информатика.Пәндердің әрқайсысы бойынша түрлі тапсырмалар берілген. Оны орындау үшін белгілі бір шарттар қойылған әрі уақыты да шектеулі.

Талап қатал болғандықтан, оқушыларға кейбір мүмкіндіктерді пайдалануға рұқсат етілген. Мәселен, химия пәнінен сынға түсушілер Менделеев кестесін қолдана алады. Болашағын осы саламен байланыстырғысы келетін Қарлығаш Бекболат үшін бұл кішкене болса да демеу.

Қарлығаш Бекболат, “Білім-Инновация” лицей-интернатының оқушысы:

–  Химияны таңдаған себебім, бұл пән маған өте қызықты, кез келген заттың қандай химиялық құрамы бар екенін білуге болады. Осы олимпиада қалалық және облыстық мектептердің білім деңгейін анықтау үшін жасалып отыр деп білемін.

Бүгінгі олимпиаданың облыстық кезеңіне аудандық деңгейдегі жеңімпаздар мен қала мектептерінен 7-8 сынып оқушылары қатысып отыр.

Мұханбетали Сапаров, Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының әдіскері:

– Аудандық кезеңге 450 оқушы қатысқан болатын. Бүгін облыстық турда 78 қатысушы білімдерін сынауда.

Үздік 10 қатысушы мамыр айының ортасында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық кезеңде бақ сынайды.

Ақтолқын Солтанханқызы