Спорт

Жерлестеріміз жарады

Осы күндері КатАр астанасы Дохада жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Сары құрлықтың үздіктері жиылған жарыста қазақстандық желаяқ Ольга Сафронова алтыннан алқа тағынды. Ол сайыстың ақтық кезеңде 100 метр қашықтықты 11,17 секундта бағындырып, Азия рекордын тіркеді. Осылайша әлем чемпионатына жолдама алды.

Сонымен қатар, Дохадағы додада солтүстікқазақстандық спортшылар да жеңіс тұғырынан көрінді. Бәсекеде 400 метрге жүгірген Михаил Литвин қола медаль жеңіп алды. 800 метрде ел намысын қорғаған Маргарита Мұқашева да 3-ші орынды місе тұтты.

Байболат Бектемірұлы