Қоғам

Өңір ұстаздары Елбасы ұсынысын қолдайды

“Нұр Отан” партиясы атынан ұсынылған кандидатураны солтүстікқазақстандық ұстаздар қауымы да қолдап отыр. Жерлестеріміз бұл жайлы облыстық білім басқармасының жиынында мәлімдеді.

Теріскейлік педагогтар Қасым-Жомарт Тоқаевты кемеңгер саясаткер ретінде таниды. Олар бүгінгі мемлекет басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтай еңбек етіп, елімізің одан әрі өркендеуіне өлшеусіз үлес қосарына сенімді. Сонымен қатар, мұғалімдер 9-шы маусым күні өтетін Президент сайлауына бір кісідей қатыспақ. Және барша тұрғындарға саяси науқанға атсалысуға шақырады.

Гүлзағира Нұртаева – “Дарын” мектеп-лицейінің директоры:

–  Бұл тұлға – Қазақстанға және жалпы әлемге танымал адам. Сондықтан, ары қарай да Елбасы жасаған бағытты жүзеге асырады және еліміздің экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани жаңғыру жолындағы жұмыс жалғастырады ғой деген ойдамыз.

Ғафура Бөстекова – №4 орта мектебінің директоры:

– 9-шы мауым күні елімізде маңызды іс-шара өтеді. Сол шараға барлығын қатысуға шақырамыз. 

Байболат Бектемірұлы