Құқық қорғау органдары

80 жастағы қария алаяқтың арбауына түсті

Басында шәлі сатып алуды ұсынып, ақыр соңында, 140 мың теңгені жымқырған. Осылайша, 80 жастағы Мамлют ауданының тұрғыны алаяқтың арбауына түсті.

Үйлерді аралап, сауда жасап жүрген “пысықай” зейнеткерді алдағы ақша реформасы жайлы әңгімеге тартып, оның бар жиған қаражатын құны жоқ сувенирлік қағаз купюраларға айырбастап жіберген. Алайда, қария бұдан күдіктеніп, қағаз ақшаны маңайдағы дүкен сатушысына көрсетеді. Ол ақшаның жалған екенін бірден түсініп, полицияға қоңырау шалған. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары күдікті ретінде 64 жастағы Ресей азаматын ұстады. Ол өз кінәсін жоққа шығарып отыр. Аталған алаяқтық фактісі бойынша қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Ұрланған қаражат иесіне қайтарылды.

Саят Ермек