Спорт

“Qyzyljar” мен “Астана-М” тең түсті

Жексенбі күні “Qyzyljar” футбол клубы елордалық “Астана-М” командасымен кездесу өткізді. Бұл – жаңа маусымдағы 3-ші ойын.

Бірінші болып алаң қожайындары есеп ашты. 26-шы минутта Данияр Жұмаділов қарсыластың қорғанысынан сәтті өтіп, теріскейліктердің қақпасына гол соқты. Бұл қызылжарлықтардың шамына тиді. Жерлес ұжымның қарсы шабуылы 33-ші минутта жүзеге асты. Есепті теңестірген – жартылай қорғаушы Ерасыл Аманжол.
2-ші таймда теріскейлік футболшылар үшін алға шығуға мол мүмкіндіктер туындаса да олар оны пайдаланбады. Әрі қосымша берілген уақытта қызылжарлық шабуылшы пенальтиді орындай алмады. Сонымен, ойын 1:1 есебімен аяқталды. Нәтижесінде “Qyzyljar” футбол клубы 5 ұпаймен турнирлік кестеде 6-шы орынға жайғасты. Солтүстікқазақстандық ұжым келесі матчын өз алаңында сәуірдің 28-і күні оралдық «Ақжайыққа» қарсы өткізеді.

Данаш Хамзина