ТЖ

Петропавлда өрттен 4 адам қаза тапты

Жексенбі күні өрттен 4 бірдей өңір тұрғыны қаза тапты.

Бірінші оқиға Айыртау ауданындағы Лавровка селосында орын алды. «Лавровское» деп аталатын серіктестіктің аумағында от шыққан. Тілсіз жау 2 шарты метрді қамтыған. Өрт өз күштерімен сөндіріледі. Оқиға орнынан 1963 жылғы ер адамның денесі табылыпты. От / ағаш еденге пештен домалап түскен көмір тасынан тұтанған болса керек.
Ал Мамлютка қаласында тілсіз жау 49 бен 42 жастағы 2 ер адам мен 83-ші жылғы келіншектің өмірін жалмады. Өрт сөндірушілер төтенше жағдай туралы хабар түскеннен кейін 3 минуттан соң келіп жеткенде баспана толығымен лаулап жанып жатқан. Бұл үйдің тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелерін ұстану туралы түсіндіру жұмысы осы жылдың басында ғана жүргізілген екен.
Тағы бір оқыс оқиға облыс орталығында тіркелді. Жер үйде газ баллонынан от шығып, баспана қожайынының бетін, қолдары мен табандарын күйік шалған. Жапа шеккен азамат 3-ші қалалық ауруханаға жеткізілді