Құқық қорғау органдары

«Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда

Сәуірдің 17-інен облыс аумағында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Рейд кезінде ювеналдық полицейлер учаскелік инспекторлармен және білім органдарының өкілдерімен бірге ойын-сауық орындарын аралаған. Нәтижесінде 11 әкімшілік хаттама толтырылыпты. 4-уі кәмелетке толмағандардың түнде / заңды өкілдерінсіз жүруге қатысты. Сондай-ақ, 5 жасөспірімнің ішімдік ішкендері анықталып отыр.

Еркегүл Басыбаева – Петропавл қаласы ПБ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі аға инспекторы:

– Кәмелетке толмағандардың үйден тыс және ойын-сауық орталықтарында түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз болу фактілерін анықтау бойынша Петропавл қаласында 11 ойын-сауық орталығы, 8 компьютерлік клуб, 6 букмекерлік кеңсе тексерілді. Аталған фактілер анықталған жағдайда ойын-сауық орталықтары және де кәмелетке толмағандардың ата-аналары жауапкершілікке тартылады, айыппұл салынады.