Құқық қорғау органдары

Дүкен тонаған ұрылар ұсталды

Петропавлда дүкен тонаған ұрылар ұсталды. 40 пен 29 жастағы Жұмысшы кентінің тұрғындары бейсенбіге қараған түні сол аумақтағы сауда нүктесіне терезесін бұзып кірген.

Шағын азық-түлік дүкенінен олар ақша мен іште тұрған бейнебақылау камераларын қолды қылған. Қос ұры іздері суымай құрықталды. Екеуі де бұрын сотты болған екен. Баукеспелерге қатысты Қылмыстық кодекстің “Ұрлық” бабы бойынша іс қозғалды.

Данаш Хамзина