Ауа райы

Сәуірдің 17-сі СҚО-да ауа райы бұзылады

Төтенше жағдайлар департаменті дауылды ескерту жариялайды. Ертең өңір аумағында ауа райы бұзылады. Бір аптаға созылған жайма-шуақ күндердің орнын өткір жел, қатқақ пен қар баспақ.

«Қазгидромет»-тің болжауынша сәуірдің 17-сі солтүстік және солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20, кей жерлерде 23-28 метрге дейін жетеді. Бұдан өзге көктайғақ пен тұман күтілуде. Сондықтан, құтқарушылар азаматтарға сақ болуды ескертеді. Темір тұлпар тізгіндегендерге алыс жолға шықпаған абзал.

Саят Ермек