МТРА жаңалықтары

Облыс әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

YouTube Embed: No video/playlist ID has been supplied

https://youtu.be/uPFSJvjpVP8

YouTube Embed: No video/playlist ID has been supplied

Дәл осы күні өңір басшысы Құмар Ақсақалов облыс активіне жаңа орынбасарын таныстырды. Бұл лауазымға 40 жастағы Руслан Алишев тағайындалды.

Еңбек жолын ол 2001 жылы жергілікті университет қабырғасында бастапты. Кейін 9 жылдай мемлекеттік органдарда еңбектенген.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Руслан Алишев Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары қызметінде де болды. Кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және архивтер комитетінің Электронды БАҚ басқармасын басқарды. 2014 жылдан бастап “Нұр Отан” партиясының саяси жұмыстар департаментінің директоры қызметінде еңбектенді. 2016-да ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Ал соңғы бір жыл бойы ол Орталық коммуникациялар қызметінің басшысы болып жұмыс істеді.

Эльмира Садвокасова