Балалар

«Мәңгілік алау» ескерткішінің маңы тазартылды

9 мамыр қарсаңында жастар «Мәңгілік алау» ескерткішінің маңын тазартты. Бұл істі «Қаһарман даңғылы» атты акция аясында гуманитарлық-техникалық колледж студенттері мен жасотандықтар тындырды.

Сенбілік таң. Ертесімен «Мәңгілік алау» ескерткіші маңына жиылған жастар қолдарына сыпыртқы, тырнауыш, күректерін ұстап бірден іске кірісіп кетті. Берілген аумақ, әрине кішкентай емес, десе де 40 шақты студент түске дейін бұл жердігі шаруаны тындырмақ ниетте. Және қала тұрғындарын сенбіліктерге белсенді қатысуға шақырады.

Татьяна Евдашева – Гуманитарлық-техникалық колледждің студенті:

– Әрине қаламыздың таза болғанын қалаймыз. Оның үстіне алда мерекелер бар. 9 Мамыр мерекесіне орай нақ осы жерді тазалаудамыз.

Ал мына жерде жүрген бір топ жас «Мәңгілік алау» ескерткішін қоқыстан тазартуда. Темекі тұқылы, түрлі қағаздар. Мұның барлығын қоқыс жәшігіне салуға ерінген жандар осы жерге әкеліп тастаған. Сондықтан, біраздан бері жиналып қалған қалдықты жастар бірнеше зембілмен тасуда. 9 мамыр күні негізгі шаралар осы «Мәңгілік алау» ескерткіші маңында өтеді. Сондықтан да жасотандықтар бұл жерді тектен-тек таңдамаған.

Абылайхан Қайроллаев – «Жас Отан» ЖҚ СҚОФ төрағасы:

– Бүгінгі біздің таңдап отырған жеріміз бұл ҰОС басты ескерткіші деп білемін. Сондықтан, акцияны осы жерден бастап отырмыз. Бүгінгі біздің акциямызды біз эстафета ретінде Павлодар облысына жібереміз. Солай 8 мамырға дейін еліміздің барлық қалаларын және облыстарын аралап 8 мамыр Астанаға жетеді.

Алдағы уақытта жасотандықтар Кеңес Одағы Батырларының есімімен аталған көшелерді және саябақтарда осындай сенбіліктер өткізбек.

Магжан Ахмадина