Білім

Педагогика саласы өкілдерінің құқығы қорғалуда

Педагогика саласы өкілдерінің құқығы қорғалуда. Былтыр елімізде жұмысынан қуылған 44 адам қызметке қайта келіпті. Олардың 6-уы соттың шешімі бойынша іске кіріскен екен.

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы педагогтардың құқықтарын қорғайды. Мысалы, өткен жылы ұйым заңсыз түрде жұмыстан қуылып бара жатқан 113 ұстазды қызметте қалдырыпты. Тағы, мамандардың табысы, іс-саппарға бөлінген ақшаларының дұрыс берілмегендігін анықтаған екен. Нәтижесінде 300 миллион теңгеге жуық ақша қазынаға кері қайтарылыпты. Бұдан бөлек, мұғалімдерге түрлі тақырыпта 20 мыңнан аса ақыл-кеңес берген.

Айгүл Мұқашева – Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы төрағасының орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласы:

 – Көптеген сұрақтар келеді, кеңестер береміз. Сұрақтардың 80 пайызы жалақыға байланысты, еңбек қатынастары туралы сұрақтар жауап беріп. Сала қызметкерлеріне көмек көрсетеміз.

Жиында «Кәсіпқор» холдингінің өкілдері де болды. Олар қатысушы жандарға “Жас маман” жобасы жайлы әңгімеледі. Бұл бағдарлама қызметті енді бастаған педагогтардың біліктіліктерін арттыруға бағытталған. Оның аясында мұғалімдер еліміздегі алдыңғы қатардағы жоғарғы оқу орындарының мамандарымен бірлесе жаттығып, шеберліктерін шыңдайды.

Нұрдаулет Жанайдаров, «Кәсіпқор» Холдинг» КЕ АҚ кәсіптік білім беру орталығының басшысы, Нұр-Сұлтан қаласы:

 -Ұстаздардың біліктілігін арттыру мақсатында көптеген жұмыстар жүзеге асырылуда. 2016 жылдан бастап білім беру барысындағы 13 мыңнан астам ұстаздың біліктілігін арттырдық. Модульдік құзіреттіліктігі әдістемелі бағдарламаларды қалай енгіземіз. Инклюзивті білімді қалай дамытамыз, критерийлік бағалау. Арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту. Осы сияқты өзекті мәселелер бойынша курстарды жүзеге асырудамыз.

Сонымен қатар, холдинг өкілдері 2021 жылға дейін еліміздегі 180 колледж бен 20 ЖОО материалдық-техникалық базасын жақсартпақ. Яғни, білім беру мекемелеріне заманауи қондырғылар сатып алуды жоспарлап отыр. Кейін, ол жерлерде әлемдік деңгейдегі WorldSkills байқауына қатысатын жандар дайындалатын болады.

Ақтолқын Солтанханқызы