МТРА жаңалықтары

Ғ.Мүсірепов ауданының әкімі тағайындалды

Бүгін Ғ. Мүсірепов ауданының да әкімі тағайындалды. Өңір жетекшісі Құмар Ақсақаловтың өкімімен бұл қызметке Ағзам Тастеміров лайық деп танылды.

Ағзам Ахметжанұлы әр жылдары түрлі лауазымдарды атқарып, Ақжар және Айыртау аудандарын басқарды. Ал осы тағайындауға дейін ол Ауыл шаруашылығы министрлігі облыстық аумақтық инспекциясының басшысы болып еңбек етті.

Эльмира Садвокасова