Құқық қорғау органдары

Өңірде “Нелегал” жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр

Өңірде сәуірдің 9-ынан бастап «Нелегал» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Тәртіп сақшылары ел аумағында заңсыз жүрген тұлғаларды анықтау мақсатымен сауда орындары, сапаржай мен құрылыс алаңдарын аралаған. Нәтижесінде 258 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Олардың 12-і өз отандарына жіберілді. Ал 75 азамат Қазақстанда уақытша тұру құқығынан айырылған.

Жанат Сағынтай – СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының аға инспекторы:

– Көші-қон заңнамасын бұзып, ҚР-ның аумағында тұрған Түркия елінің азаматы анықталды. Оның отанына кетуге мүмкіндігі болмаған. Аталған азаматқа құқықтары мен міндеттері түсіндірілді. Жан-жақты көмек көрсетілді. Сонымен қатар, әкімшілік жауапқа тартылды. Оған отанына қайту үшін қажетті құжаттар берілді.

 

Молдир Шаяхмет