Балалар

Білім ұясына – 75 жыл

Биыл қаламыздағы есту кемістігі бар балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының құрылғанына 75 жыл толды. Осыған орай Оқушылар сарайында мерейтойлық концерт ұйымдастырылды. Салтанатты жиын барысында бірқатар мекеме қызметкеріне өңір жетекшісінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты табысталды.

Бүгін қаламыздағы есту кемістігі бар балаларға арналған облыстық мектеп-интернат 75 жылдық мерейтойларын атап өтіп отыр. Осы уақытта аралығында оқу ошағын мыңдаған бала тәмамдапты. Мекемеде олардың білім алуларына түрлі жағдай жасалған екен.

Жангелді Тәжин – облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары:

– Біздің уақытта балалардың құлақтарына жаңа аппарат салуды бастадық. Соның арқасында балалардың есту қабілеті жақсарып, білім алуына жағдай жасадық. Бұл біздің ең үлкен жеңісіміз деп есептеймін. Және де ғылыми жұмыспен тереңдеу айналыстық. Мен жұмыс істеген 9 жылда 7 халықаралық конференция өткіздік.

Салтанатты шара барысында Қазақстан мен Ресейдің бірнеше қаласынан келген қонақтар сөз алды. Олар ұстаздар мен балаларды мерейтоймен құттықтады. Сонымен қатар, жиында мектеп-интернаттың қызметкерлері марапатталды. Мамандарға өңір жетекшісінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты табысталды. Мұндай құрметке Елена Кулакова да бөленді. Жерлесіміз білім ұясында 12 жыл қызмет етіп келеді.

Елена Кулакова – Есту кемістігі бар балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі:

– Есту кемістігі бар балалармен жұмыс ұзақ уақытты, шыдымдылықты талап етеді. Біз сабақ кезінде сөздердің лексикалық, грамматикалық мағынасын меңгереміз. Құрылу жолдарын зерттейміз. Себебі, ұл-қыздар барлығын бірдей түсіне бермейді. Мысалы, олар су деген сөздің мағынасын біледі, ал оны суда деп өзгертсек, түсінбей қалуы мүмкін.

Қазіргі күні оқу ошағында 3 пен 18 жас аралығындағы 121 бала білім алып жатыр. Шәкірттердің бәрі шеттерінен өнерге жақын. Мәселен, мына ұл-қыздар бимен шұғылданады. Олар әннің мәтінін ыммен түсініп, билейді.

Култанов Байболат