Су тасқыны

Тасқынның алғашқы толқыны өтті

Тасқынның алғашқы толқыны өтті. Соңғы мәліметке сүйенсек Сергеев су қоймасындағы тіршілік көзінің деңгейі 7 см-ге төмендеп, 925-ді көрсеткен. Ал су ернеуінен 125 см-ге асыпты.

Мұндағы ең жоғарғы көрсеткіш сәрсенбі күні тіркелген. Онда мамандар тіршілік көзі ернеуінен 132 см артқандығын аңғарыпты.

Ал Қызылжар ауданындағы Новоникольское ауылында бір тәулік ішінде су 65, Покровкада 82 көтерілген. Петропавл гидроторабында жағдай керісінше. Онда су деңгейі 46 см төмендеді. Құтқарушылардың сөзіне сенсек, тасқынның екінші толқыны өңірге алдағы аптада жетпек.

Магжан Ахмадина