Су тасқыны

Қызыл су жақындап келеді

Хабарымызды өңірдегі су тасқыны жайлы мәліметтен бастайық. Соңғы 1 тәулікте Сергеев су қоймасындағы тіршілік көзінің деңгейі 6 см-ге жоғарылады. Осылайша ернеуінен асқан судың биіктігі 1 метр 32 см құрады.

Ал Қызылжар ауданына қарасты Новоникольское елді мекені маңында су деңгейі 122 см-ге жетіп отыр. Покровкадағы көрсеткіш 708-ді құрады. Бұл кешегі мөлшерден 80 см-ге көп. Петропавл гидроторабында жағдай керісінше. Ол жерде судың деңгейі соңғы тәулік ішінде 1 см төмендеп, 708 см көрсетті. Жалпы, мамандардың мәліметінше қаламызға үлкен көлемдегі қызыл су 10-12 күннен кейін келеді екен.

Байболат  Култанов