Құқық қорғау органдары

Із-түссіз жоғалған қала тұрғынының денесі табылды

Бірнеше күн бұрын із-түссіз жоғалған 30 жастағы қыз өлі күйінде табылды. Марина Попова үйінен сәуірдің 6-ы шығып кеткен.

Бұндай ақпаратты нәзікжандының туғандары әлеуметтік желілерде таратып, іздеу салған болатын. Өкінішке қарай, кеше тәртіп сақшылары қала тұрғынының денесін шаһардағы пәтерлердің бірінен тапқан.

Нұрбек Баекин – СҚО ПД баспасөз қызметінің жетекші маманы:

– Аталған факті ҚР ҚК 99-бабының 1-ші бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары реестріне енгізілді. Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 88-ші жылғы жігіт құрықталған. Қазір тиісті сараптама шаралары жүргізілуде.

Эльмира Садвокасова