ТЖ

Петропавлда тағы да өрт оқиғасы тіркелді

Петропавлда тағы да өрт оқиғасы тіркелді. От Уәлиханов көшесіндегі 6-шы үйдің 4-ші қабатынан шықты. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандарына бұл туралы хабар күндізгі 12 жарымда жеткен.

7 минуттан соң құтқарушылар қызыл жалынды ауыздықтауға кірісіпті. От / аумағы 5 шаршы метр болатын жерді шарпыған. Бөлмеде болған жиһаздар мен жеке заттар жанып кеткен. Қазір баспана иелеріне келтірілген материалдық шығын анықталуда. Оқыс оқиға электр сымының қысқа тұйықталуы салдарынан орын алды дейді өрт сөндірушілер.

Асқар Сүйменбаев – Петропавл қалалық №2 өрт сөндіру бөлімінің аға инженері:

– Қызыл жалынды ауыздықтауға 3 бірлік техника жұмылдырылды. Оқиға орнына жеткеннен кейін біз бірден автосаты орнаттық. Осылайша өрт шыққан 4-ші қабатқа көтеріліп, іске кірістік. Баспана иелері төтенше жағдай кезінде үйлерінде болған жоқ. 15 адамды эвакуацияладық, олардың бесеуі – балалар.

Эльмира Садвокасова