Kurultai banner mobile

Су тасқыны

Өңірдегі су деңгейі жоғарылауда

Өңірдегі қызыл суға байланысты жағдай сағат сайын өзгеруде. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Сергеев гидроторабынағы тіршілік көзінің деңгейі 930 сантиметрді құрап отыр.

Су ернеуінен 1 метр 30 см-ге асқан. Бұл таңертеңгімен салыстырғанда 4 см-ге көп. Покровкада тіршілік көзінің деңгейі 13 сантиметрге артыпты. Қызылжар ауданындағы да жағдай мәз емес. Мұнда су 4 сағаттың ішінде 28 сантиметрге көтеріліп, 896-ға дейін жеткен. Ал Есіл өзенінің төменгі ағысындағы Петропавл су қоймасындағы көрсеткіш 440-ты құрауда. Мамандардың сөзінше, өңірге қызыл су шамамен 10-12 күннен кейін келеді. Ол тікелей Ақмола облысындағы Сілетіден жіберіліп жатқан судың көлеміне байланысты.

Эльмира Садвокасова