Құқық қорғау органдары

8 жастағы қызды Камаз көлігі қағып кетті

Облыс орталығында 8 жастағы қызды Камаз көлігі қағып кетті. Оқиға кеше кешкі 6 кезінде орын алды.

Жамбыл мен Абай көшелерінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер жолы арқылы өтіп бара жатқан оқушыны жүк машинасын басқарған 54 жастағы ер адам байқамаған. Қыз бала бірден облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер қазір оның жағдайын тұрақты-ауыр деп бағалауда.

Шәмшиден Ақышов – Петропавл қалалық ПБ бөлім бастығының орынбасары:

– Жүргізуші наркологиялық тексерістен өтті. Ол көлікті сау күйінде басқарған. Қазір бұл іске қатысты материалдар жиналып жатыр.

Эльмира Садвокасова