МТРА жаңалықтары

Жыл басынан инфляция деңгейі 1,5 пайызды құрады

Статистик мамандардың мәліметіне кезек берейік. Жыл басынан инфляция деңгейі 1,5 пайызды құрады. Бұл ретте азық-түлік – 3,2, ал өзге тауарлар шамамен бір процентке қымбаттапты. Ал көкөністердің құны 11,3 пайызға жоғарылаған. Мәселен, қырыққабаттың бағасы 2 есе өссе, пияз, қызанақ пен қияр 10 пайызға дейін қымбаттады.

Қызылша, картоп пен сәбіз болса, керісінше арзандаған. Жемістердің де құны 4 пайызға өсіпті. Тек алма мен лимонды бұрынғыдан арзанға сатып алуға болады. Ал нан теріскейліктерге 9 пайызға жоғары бағамен саудалануда. Тағы ұн – 8, күріш 4 пайызға қымбаттады. Ет, балық, макарон өнімдері мен жұмыртқаға да қатысты бағаның өсуі байқалады.

Эльмира Садвокасова